Кастинг
Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Мақтааралда аудандық базарда мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылған. Дәрі-дәрмектер арасынан прокурорлар аудандық ауруханалар мен емханаларға арналған дәрілерді де тапты. Барлығы бір жарым миллион теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер тәркіленіпті.
18.05.2012 16:53
18.05.2012 12:33
18.05.2012 9:49
18.05.2012 16:18
18.05.2012 12:29
18.05.2012 9:42
18.05.2012 15:51
18.05.2012 10:48
18.05.2012 9:38
18.05.2012 14:41
18.05.2012 10:15
18.05.2012 9:31
18.05.2012 13:00
18.05.2012 10:01
17.05.2012 23:20

Фотохабар

Бүгін бүкіл әлем Мұражайлар күнін атап өтуде. «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматыдағы «Табиғат мұражайының» палеонтологиялық залының салтанатты тұсаукесерін осы күнге орайластырып отыр. Оның экспонаттары қазақстандық археологтар тапқан бағалы олжалар болып табылады.

Жеңіс күнін тойлау Алматыда әдеттегідей, кең көлемде аталып өтілуде. Қаланың жеті ауданында да халық көп жиналды. Әр аудан Жеңіс күніне жеке бағдарлама дайындапты.

Өскемен тұрғындары 8 мамыр күні ерекше сәттің куәгерлері атанды.

Владимир Путин 4 наурыздағы сайлаудағы жеңісінен соң үшінші рет РФ президенті қызметіне кірісті.

Бүгін Өскеменнің мектеп оқушылары Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде алғаш рет «Зарница» әскери-патриоттық ойынын өткізді. Облыс орталығындағы Пеш тауларында, жергілікті көрнекті орындардың бірі – «Қазақстан» деген жазуы бар шыңға жақын маңда ауқымды түрде Ауғанстандағы соғыстың бесінші Панджшер операциясы ұйымдастырылды.

Бейнехабар

АҚШ-та 75 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозавр қаңқасы аукционға түсті. Монғолия шекарасынан табылған археологиялық жәдігердің сүйегін мамандар 7 жыл бойы жинаған. Оның ірі динозаврлар тұқымынан екендігі белгілі болды. Бас сүйегінің өзі – екі жарым метр, ал әр тісі 15 сантиметрден кем емес. Аукционға қойылған археологиялық жәдігердің алғашқы бағасы – 2 миллион АҚШ доллары. Бұл – қаңқасы сатылымға шығарылған екінші динозавр. Осыдан 15 жыл бұрын алып жануардың сүйегі аукционға түсіп,   8 миллион АҚШ долларына сатылған.  

Тараз қаласында саусақтары туғаннан жетілмей қалса да жұртты таңғалдырған талант иесі тұрады. 17 жасар суретші Жанарыс Қайратұлы – үшемнің бірі. Қылқалам шебері Астана қаласында жеке көрмесін де  өткізіп үлгерген.  Суретші өнерінің қыр-сыры туралы тілшіміз Жұлдыз Байділда баяндайды.  

Астана іргесіндегі Тайтөбе ауылының тұрғындары бес жылдан бері жол азабын тартып келеді. Тегіс жолдың жоқтығынан мұнда қоғамдық  автобустар да  қатынамайды. Сол себепті тұрғындар үйлеріне табанын қиыршық тасқа тіліп, жаяу жетуге мәжбүр. Тілшіміз Бақтияр Хамит тайтөбеліктердің мұңын тыңдап қайтты.

Вьетнамда автобус өзенге құлап, 34 адам қаза тапты. Жиырмадан астам жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, апат елдің орталық таулы аймағында болды. Жолаушыларға лық толы автобус өзенге құлап, 18 метр тереңдікке батып кеткен. Оқиға орнында қайтыс болғандардың ішінде 2 көлік жүргізушісі де бар. Тағы екі адам ауруханада көз жұмды. Кейін белгілі болғандай, апат кезінде жолаушылардың көпшілігі ұйықтап жатқан. Вьетнамда жыл сайын жол апатынан 11 мың адам қаза табады.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының цехында болған өрттен көз жұмғандар саны 3-ке жетті. Денесін күйік шалған Роман Балабашин бүгін жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 15 мамырда жалын құрсауынан шыға алмай, өндіріс орнында 2 адам жан тапсырған еді. Оның бірі – өрт сөндіруші, екіншісі – цехтағы кранда жұмыс істеген әйел. Роман Балабашин – өрттен көз жұмған екінші өрт сөндіруші. Алдын ала болжам бойынша, күл тасымалдайтын конвейерден тұтанған өрт цех аумағына жайылған. Қазір комбинат басшылығына өрт қауіпсіздігін сақтамаған деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. 

ТЕЛЕ-жаңалықтар

Тораптағы ең танымал

Жуырда «Вечерний Ургант» бағдарламасының эфирінде танымал Ресей жүргізушісі Иван Ургант қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңін оқыды.

Ыстамбұлдағы Жаңа мешіттің жанында 007 — Skyfall тыңшысының бастан кешірген оқиғалары жайлы 23-ші фильмнің түсірілімдері жүріп жатыр.

18.05.2012 18:01

Өзбекстаннан келген кейуана 2004 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмаған. Барлық мәселенің ұшы, қаншама сұрау салғанмен, оған көрші мемлекеттен қажетті құжаттардың жіберілмеуінде жатыр. Өзбек шенеуніктері Қызылкүл Боранбаеваның әлі күнге тірі екеніне сенбейтін көрінеді.

18.05.2012 18:09

Мақтааралда аудандық базарда мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылған. Дәрі-дәрмектер арасынан прокурорлар аудандық ауруханалар мен емханаларға арналған дәрілерді де тапты. Барлығы бір жарым миллион теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер тәркіленіпті.

18.05.2012 16:18

Кеше, 17 мамыр күні, 65-ші Канн фестивалінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның фильмдері көрсетілді. Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі «Ерекше көзқарас» байқау бағдарламасының аясында, ал Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласы» – Канн кино нарығы шеңберінде көрсетілді. Екі фильмді де дүниежүзілік айналым үшін халықаралық дистрибьюторлар сатып алды.

18.05.2012 17:19

Уэльсте орналасқан Монмут қаласы «Википедияда» барынша егжей-тегжейлі сипатталған ең бірінші елдімекен болып шықты. «Монмутпедияны» жасау бойынша жоба жарты жылға жуық уақытты алған.

 

Mobile and Web Analytics