8:00 Тікелей эфир «ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ҚАЗАҚСТАН!»
9:00 Эфирде әрі қарай «ДОБРОЕ УТРО, КАЗАХСТАН!»

ЧУЖИЕ РОДНЫЕ
СЕНБІ 23 НАУРЫЗ 08:50, ЖЕКСЕНБІ, 24 НАУРЫЗ, 09:00

Шығарылған жылы: 2018

Шығарушы ел: Украина

Режиссер: Александр Итыгилов (кіші)

Актерлер: Анна Кошмал, Родион Галюченко, Фёдор Гуринец, Станислав Боклан, Александр Гетманский, Наталья Доля, Лариса Руснак, Анастасия Цымбалару, Сергей Радченко, Олеся Гаевая, Алексей Череватенко, Андрей Титов, Анатолий Ященко, Дарья Лобода, Дарья Рыбак, Максим Мотков, Евгений Ефремов, Тарас Цимбалюк, Сергей Калантай, Андрей Мостренко

 

Кездейсоқ бір кездесу тағдырды түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін. Кездейсоқ махаббат есепке құрылғалы тұрған некеге тұсау бола алады. Кеше ғана бір біріне бөтен болған адамдар жақын болып кетеді…

Бұл кездесу Юлия мен Романның тағдырын өзгертіп қана қоймай, күтпеген жаңалықтар әкеледі.

Юля – жас балерина. Мансабын қызы үшін тастаған, тәжірибелі хореограф анасы қызына үлкен үміт артады. Оның бар ойы Юля шетелдік гастрольдерге қатыса алуы үшін іріктеу турынан өткізу. Қыз бүкіл өмірі бойы анасының жете алмаған биігін бағындыруға деген талпыныспен, міндетпен өмір сүріп келеді.

Юля бір ғана сәтке жету үшін өмірінің көп жылын арнады. Алайда өзінің жұлдызды шағын өткізіп алған ол мұның құлдырау екенін түсінеді. Жаны күйзелген Юля өз өзіне қол салмақшы болады. Алайда өзін өзі өлтірем дегенде, тағдыр оған маңызды кездесу сыйлайды.

X