Мазмұнға өту

Асаубек Айымбетов

«Басты жаңалықтар», «Асау жаңалықтар» бағдарламасының жүргізушісі

1991 жылы 24 қазанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерші ауылында дүниеге келді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 16 жасында Ақтөбедегі «Рика ТВ» телеарнасында жаңалықтар бөлімінде бастаған. Кейін «Ақтөбе» радиосында журналист болып жұмыс істеді.

2013 жылы Астана қаласында «Қазконтент» компаниясында PR менеджер қызметін атқарды. 2014 жылы «Степной волк» ЖШС аутсорс компаниясында «Блогерлер» және «Компания жаңалықтары» («24KZ») жобаларына сценарий жазып, жүргізуші болды.

2015 жылдан бастап «Еуразия» Бірінші арнасында қызмет етеді. Әр жылдары «112», «Пендеміз ғой» ток-шоуы, «Біздің ел», «Сенбілік жаңалықтар» жобаларын жүргізді. Қазіргі таңда «Басты жаңалықтар» және «Асау жаңалықтар» бағдарламаларының жүргізушісі.

2022 жылы ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» медалімен марапатталды.