Ішіне кірсеңіз көненің көзін, қазіргі заманның ізін көресіз. Атырауда су жаңа креатив хаб ашылды. Орталық шығармашылықты сүйетін жандар үшін қолайлы орта болмақ.
Атырау
Өйткені заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Білім беру аудиториялары, медиастудиялар және түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге болатын залдар бар. Тынығып алатын демалыс орындары да қамтылған.
Бір сөзбен айтқанда мұнда атыраулықтар талабын шыңдап, жоспар құрып, түрлі идеяларды ортаға сала алады.
«Ең бірінші біздің жоспарымыз – база жасақтау. Бізде Атырау облысында да, аудандарда да креаторлар бар. Соларды жасақтап, ешкімді қалдырып қоймау. Қазіргі таңда 43 бағыт бар. Кино, музыка деген сияқты бағыттар. Қолөнер болсын. Біз сол базаны жасақтап жатырмыз. Егер де естіп тұрған креаторлар болса, біздің хабқа келуге болады», – дейді Креатив индустрия қорының өкілі Дәурен Сейітқалиев.