Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Ауа сапасын бақылау күшейеді

Қолқаны қапқан иістен құтылар күн жақын. Енді кәсіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілмек. Ол ауаның сапасын бақылап, адамға зияны артса, дереу дабыл қағады. Артынша құзырлы органдар компанияға айыппұл салады.

Бұл экологияны қорғаудағы маңызды қадамның бірі. Басқаладағы жиында бұдан да бөлек қадау-қадау мәселелер қаузалды. Мәселен, жаңа Ата заңымыздағы нормалар ұлт денсаулығының кепілі болмақ. Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы өткізген жиын мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңына айналды.

ЕЛДОС АБАҚАНОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ата заңымыздағы негізгі қағидалардың ішінде табиғатты аялау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ескерілген еді. Сол себепті алдағы жылдары экологиялық саясатта да біраз өзгеріс болады. Өйткені бұл бағыттағы реттеу бір ғана шарамен шектелмеуі керек.

← Барлық жаңалықтар