Чехия премьер-министрінің арманы орындалды. Елордаға ресми сапармен келген Андрей Бабиш Қазақстанды көруді студент кезінен армандағанын айтты.
Тіпті халықаралық сауда факультетінде оқып жүргенде-ақ қазақтың «жасыл фосфоры» туралы зерттеп, осы өлкеге келуге асыққан көрінеді. Мәртебелі мейманды Олжас Бектенов қарсы алды. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеру мәселесін талқылады.