Чех сарбазының 100 жыл бұрын жазған кітабы алғаш рет қазақ тіліне аударылды. Онда ұлтымыздың ХХ ғасырдағы көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен салт-дәстүрі айнытпай жазылған. Тіпті Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары да таныстырылған.
Кітаптың авторы Индржих Дворжак қазақ жеріне 1919 жылы әскери тұтқын ретінде айдалып, бес жыл бойы біздің елді зерттеген. Қыста қыстауда, жазда киіз үйде тұратынына таңданысын білдіріп, суреттерін де сақтапты. Әзірге кітап мың данамен шығып отыр.
ДІНМҰХАММЕД БАЙЖҰМА, АУДАРМАШЫ:
Жиырмаға жуық фотосуреттің ішінде Қазақстан жерінің түкпір-түкпіріндегі елді мекендер, қазақ халқы мен қазақтың тұрмысын сипаттайтын көріністермен қатар бір ерекше сурет сақталған. Ол – қазақ елінің картасы. Біздің шекарамыз Кеңес үкіметі құрылған кезде ғана пайда болды деген түсінік бар. Бірақ бұл кітап сол ұғымды өзгертеді. Өйткені мұнда 1918 жылғы қазақ жерінің негізгі шекарасы көрсетілген.