Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Жаңа Конституцияның басымдықтары талқыланды

Қостанайда «Халық Конституциясы – ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы» атты жиын өтті. Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлерінің, жергілікті тұрғындардың басқосуында Ата заңның әділетті мемлекет құрудағы маңызы талқыланды.

Әсіресе, жаңа конституциялық өзгерістер аясында отбасы институтын нығайту мен адам құқығын қорғау мәселелері сөз болды. Әке мен ананың рөлі, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу жайы айтылды.

НЕСІБЕЛІ БАСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛ:

Қазіргі таңда отбасы институты бойынша орталық өкіл, яғни омбудсмен бар. Сондықтан ол тағайындалды, қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ата заң күшіне енгеннен кейін отбасы институты туралы қосымша ережелер мен заңға қандай өзгерістер енгізу керегі жөніндегі жұмыстар дайын болады.

← Барлық жаңалықтар