Көктем көркем мінез танытпай тұр. Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Астана мен Ақмола облысында үсік жүруі мүмкін, Солтүстікті тұман торлайды. Қостанайда найзағай ойнайды, ал Қарағандының желі күшейеді.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары да табиғаттың тосын мінезінен ада болмайды. Алатау бөктерінде әдеттегідей жаңбыр жауады. Жетісуда өкпек жел соғады. Жамбыл мен Түркістан облыстарының тұрғындарына қолшатыр сайлап алған абзал. Еліміздің батысында да жауын-шашын күтіледі, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.