Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Көкшетауда алапат жарылыс болды

Көкшетауда қасақана қойылған өрттің салдарынан алапат жарылыс болды. Бір емес, екі бірдей газ баллоны атылып, екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің тас-талқаны шыққан. Тұрғындардың тынышын алған тілсіз жау кешкі алтылар шамасында тұтанған. Үйдің ішінде 4 газ баллоны болыпты. Оның екеуі қысымнан жарылып, жалаңдаған жалынның тез таралуына әсер еткен. Соның салдарынан өртті ауыздықтау қиынға соғыпты. Алайда кәнігі мамандар 40 минут ішінде бәрін сөндіріп, қалған екі тұрмыстық баллонды алып шыққан.

ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды сөндіру барысында көлемі 27 литр болатын тағы екі газ баллоны сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өрт қою. ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

← Барлық жаңалықтар