Мамыр менмұндаласа, майдан шебінде ерлікпен қаза тапқандарды еске алатынымыз анық. Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан миллионнан астам адам аттанып, олардың 400 мыңға жуығы майдан даласында қаза тапты. 270 мыңы хабарсыз кеткен. Қорғаныс саласының ардагерлері із-түзсіз жоғалғандарды іздеу шараларын ұдайы жалғастырып келеді, бүгінге дейін 4500 майдангердің сүйегін тапқан. Тарихты түгендеу мақсатында Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қызметкерлері маңызды бастаманы қолға алды. Тарихшылар мен әскери мамандар еліміздің әскери шежіресін қамтитын 7 томдық жаңа іргелі еңбек дайындауда.
АБАЙ ТАСБОЛАТОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ:
Бүгінгі күнде поисковой отряд дейміз ғой біздің Қазақстанның, соның басшылығының мүшесіміз. Содан бүгінгі күні 4500-дей ғана адамдардың сүйегін таптық. Әлі қайда, ондай жұмыстар 270 мыңның арасында 4500 ғана, ондай жұмыстар әлі көп.