Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Әуежайдан есірткі алып өтпек болған

Алматы әуежайында ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді. «Бангкок – Алматы» рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматының сөмкесінен 11 келі гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді.

Күдіктіні арнайы тексеру барысында полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қолға түсірді. Қазір ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Енді 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тәртіп сақшылары есірткімен күрес бір сәтке де тоқтаған емес дейді.

ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл басынан бері жедел бөліністердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталып, жолы кесілді. Есірткі трафигі арналарының жолын кесу, трансұлттық қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою және мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

← Барлық жаңалықтар