Мазмұнға өту
· 8 қаралым

«Ақылды» камера бәрін біліп қойды

Көрінген жерге қоқыс тастайтындарды «ақылды» камера көріп қойды. Ақтөбелік полицейлер бейнебақылау құрылғысының көмегімен заңсыз қоқыс тастағандарды анықтап жатыр. Жасанды интеллект игілігі енгізілген 20 камера қаланың әр жерінде орналасқан. Олар тәулік бойы мониторинг жасайды. Ал заңға томпақ барлық дерек жедел басқару орталығына түсіп тұрады. «Ақылды камералар» жыл басынан бері 70-ке жуық құқықбұзушылықты анықтап, тәртіп бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылған. Полицейлер тұрғындарға көлемі ірі қоқыстарды арнайы белгіленген орынға апару керектігін ескертеді. Ауладағы контейнерлерге құрылыс қалдықтарын, көне жиһазды тастауға болмайды.

ЖАНБОЛАТ АХМЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бейнебақылау жүйесі арқылы құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап ақпарат жедел өңделеді. Соның нәтижесінде құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, дер кезінде заң аясында шара қабылдауға мүмкіндік бар. Бұл тетік қала тазалығын сақтауға және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылауға тиімді құрал болып отыр.

← Барлық жаңалықтар