Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Статистиканы анықтау «ЖИ» еншісінде

Еліміздегі статистикаға қатысты ақпараттарды анықтау енді жасанды интеллектінің еншісінде. Ұлттық статистика бюросы «AI Stat» атты виртуалды көмекшіні іске қосты. Ол халықтың қажетті деректерге қол жеткізуін едәуір жеңілдетуде. Енді азаматтар мен кәсіпкерлер байланыс орталығында сарылып кезек күтпей-ақ, жасанды интеллект арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жедел біліп, әп-сәтте нақты мәлімет ала алады. Диалог форматында жұмыс істейтін бұл цифрлық кеңесші қажет ақпараттың бәрін лезде ұсынады.

← Барлық жаңалықтар