Құнды құжат, тың дерек, тарихи материалдар. Бас қалада Ұлы Отан соғысына арналған ерекше көрме ашылды. Президент архиві ұйымдастырған шарада Панфиловшылар дивизиясының ерлігіне қатысты мұрағат қорларында сақталған құнды жәдігерлер ел назарына ұсынылды. Жиналғандар арасында батыр бабалардың ұрпағы да бар.
ТӨЛЕГЕН МҰСАБЕКОВ, ПАНФИЛОВ ДИВИЗИЯСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ МҰСАБЕК СЕҢГІРБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:
Сұрапыл соғыс 41 жылы сол кездегі Алматы облысы Қаратал ауданынан қанды майданға аттанып, Алматыда Панфиловтың жасақталған 314-атқыштар дивизиясында 2 айдай машықтанып, Отанды қорғауға аттанды ғой. Сол жерде ерлік жасап, үлкен Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
«Ұлы ерлік жолы» көрмесін осы айдың соңына дейін тамашалауға болады. Онда 50-ден астам сирек құжат, фотосуреттер мен тың деректер қойылған.
ӘЛИЯ МҰСТАФИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Оның ішінде белгілі Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдулин бірге түскен суреті бар. Сонымен бірге Алматы киностудиясында 1946 жылы дайындалған «8-гвардиялық дивизия» деген сценарий бар. Бүгін тамашалауға болады. Сонымен бірге осы көрме айдың соңына дейін тұрады. Келіп көруге болады.