Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Жүргізушілерге тағы бір айыппұл салына ма?

Айыппұл десе түсінен шошып оянатын жұртты тағы бір жаңалық елеңдетіп қойды. Әлеуметтік желіде жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғандарға айыппұл салынады деген ақпарат тарауда. Сөйтсек, қас пен көздің арасында жер әлемді кезіп кеткен хабар өтірік екен. Ішкі істер министрлігі бұл қауесетті теріске шығарды. Шындығында, жүргізушілерді жауапқа тарту тәртібі еш өзгермепті. Айыппұл бұрынғыдай тек белгіленген жылдамдықтан 10 шақырымға асқанда ғана салынады. Ал 8 мамырда күшіне енетін жаңа бұйрықтың жүргізушілерге тікелей қатысы жоқ екен. Ол тек жол бойындағы камералардың техникалық жұмысын, олардың өлшеу дәлдігі мен қателік шегін реттейді. Ал жалған ақпаратты таратқан азамат ұсталыпты.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘПК ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған ақпаратты таратқан тұлға анықталды. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз.

← Барлық жаңалықтар