Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Елімізде қанша ардагер қалды?

Жыл өткен сайын ардагерлердің қатары сиреп барады. Бұл күнде елімізде Екінші дүниежүзілік соғыста қарша бораған оқтың ортасында жүрген небәрі 57 қария қалған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, майдангерлердің орташа жасы 101-де, ең үлкені 105-тің төріне шыққан. Олардың 43-і соғысқа қатысқандар, ал 14-і соғыс жылдарында мүгедектік алғандар. Ардагерлердің көбі Алматыда тұрып жатыр. Қалған өңірлердегілер саусақпен санарлық. Мәселен, Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласында сұрапыл соғыстың сұмдығын көрген бір-бір майдангерден қалыпты.

Айта кетерлігі, жеңіске үлес қосқандарға 9 мамырға орай қомақты қаржы төленеді. Биыл біржолғы әлеуметтік көмекке 3,4 млрд теңге бөлініп, 33 мыңға жуық адамға қолдау көрсетіледі. Соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден беріледі. Ал қалған санаттарға төлем көлемін өңірлер жергілікті бюджетке қарай өздері белгілейді.

КӨЗІ ТІРІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ:

ОРТАША ЖАС – 101.

ЕҢ ҮЛКЕНІ – 105.

СОҒЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР – 43.

МҮГЕДЕК АРДАГЕРЛЕР – 14.

Алматы қаласында – 14 ардагер. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында – әрқайсысында 6-дан. Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында – әрқайсысында 4-тен. Жамбыл және Түркістан облыстарында – 3-тен. Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Астана қаласында – 1-ден.

БІРЖОЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ – 3,4 МЛРД.

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ – 5 МЛН.

ҚАЛҒАН САНАТТАРҒА – ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕ ҚАРАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ.

← Барлық жаңалықтар