Құнды құжат, тың дерек, тарихи материалдар. Бас қалада Ұлы Отан соғысына арналған ерекше көрме ашылды. Президент архиві ұйымдастырған шарада Панфиловшылар дивизиясының ерлігіне қатысты мұрағат қорларында сақталған құнды жәдігерлер ел назарына ұсынылды. Жиналғандар арасында батыр бабалардың ұрпағы да бар.
ТӨЛЕГЕН МҰСАБЕКОВ, ПАНФИЛОВ ДИВИЗИЯСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ МҰСАБЕК СЕҢГІРБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:
Сұрапыл соғыс 41 жылы сол кезде Алматы облысы, Қаратал ауданынан қанды майданға аттанып, Алматыда Панфиловтың жасақталған 314 атқыштар дивизиясында 2 айдай машықтанып, Отанды қорғауға аттанды ғой. Сол жерде ерлік жасап, үлкен Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
«Ұлы ерлік жолы» көрмесін осы айдың соңына дейін тамашалауға болады. Онда 50-ден астам сирек құжат, фотосуреттер мен тың деректер қойылған.
ӘЛИЯ МҰСТАФИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Оның ішінде белгілі Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллин бірге түскен суреті бар. Сонымен бірге Алматы киностудиясында 1946 жылы дайындалған «8-гвардиялық дивизия» деген сценарий де бүгін тамашалауға ұсынылып отыр. Бұл көрме айдың соңына дейін тұрады. Келіп көруге болады.
Нұрай Құрақпай