Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Көлікті көп қыздырғандарға салынатын айыппұл жойыла ма?

Енді көлігін көп қыздырғандарға салынатын айыппұл алынып тасталуы мүмкін. Қоғамда дау туғызған мәселені Мәжіліс депутаттары тағы да көтерді. Халық қалаулысы Дмитрий Колода Ішкі істер министрлігіне сауал жолдады. Оның айтуынша, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін арнайы белгі қойылған аулаларда бұл талап қатаң сақталуы тиіс. Өйткені мұндай жерде машинадан шыққан түтіннің пәтерге таралу қаупі жоғары. Ал басқа аумақтарда, мәселен елді мекендерде, бұл тыйымды толық алып тастау қажет. Яғни 5 минуттан артық қыздырдың деп айыппұл салмау керек. Бұл ұсынысты министрлік те қолдап отыр. Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәселе қазір жан-жақты талқыланып жатқанын жеткізді. Заңнамаға енетін түзетулер аясында нақты шешім қабылданады.

← Барлық жаңалықтар