Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Автомектептерге талап күшейді

Сіз кімсіз, А мырза? Депутаттар автомектептерден жылына 5-6 миллиард теңге пайда табатын кәсіпкерді білмей дал. Көлік тізгіндеуді үйрететін орталықтардың былығын халық қалаулысы Мақсат Толықбай әшкере қылды. Оның сөзінше, оқу ақысынан бөлек автомектепке кіру үшін де ақша төлейсің. Ал ол қаржы шетелдегі басқа азаматтың есеп-шотына түсіп жатыр екен. Депутаттың пайымынша, бұл бір ғана адамның қолынан келетін шаруа емес. Бұл процесте өзге де мүдделі тараптардың болуы ықтимал.

МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Автомектеп ішіне кіреберісте жеке QR-код тұрады бізде. Сен соған 8,5 мың теңге төлеуге міндеттісің. Ол автомектепке де қатысы жоқ. Әрқайсысы 8,5 мың теңгеден төлесе, бұл жылына 5,6 млрд теңге деген сөз. Бірақ сол 5,6 млрд теңге кімнің қалтасына кетіп жатыр? Бұл ақша үкіметке де түспейді. Бұл ақша МВД-ның жүйесіне де түспейді. Ашық есепте жоқ.

Жалпы Мәжілісте автомектептердің мәселесі майшаммен қаралды. Енді жіліктің майлы басы болған орындарға бақылау күшеймек. Материалдық базасы мен мұғалімнің сапасы талапқа сай болуы тиіс. Сондай-ақ жұмыс істеу үшін де арнайы лицензия керек. Бұдан бөлек, барлық мекемелер арнайы мемлекеттік тізімге енгізіліп, Ішкі істер министрлігінің бақылауында болады.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда Әкімшілік полиция комитеті қызметтік тексеріс бастады. Автомектептер мен әкімшілік полиция арасында ешқандай түрлі одақтар мен делдалдар болмауы керек екені нақтыланды. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі керек. Осы тұрғыда шара қабылдаймыз.

← Барлық жаңалықтар