Елімізге шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді әкелу және пайдалану ережелері өзгерді. Енді Қазақстанда тіркелмеген және ел аумағында белгілі бір мерзімде ғана жүрген көліктер уақытша әкелінген машиналар болып есептеледі. Мұндай темір тұлпарларды бізде тұрақты тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктер, сондай-ақ шетелде тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары пайдалана алады. Үкіметтің жаңа қаулысы ресми түрде күшіне енді.