Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Гаражда 154 кг марихуана сақтаған

Семей тұрғыны гаражында қап-қап есірткі сақтаған. Полицейлер жедел-іздестіру шарасы кезінде 154 келі марихуананы тәркіледі. 36 жастағы азамат оны облыс аумағында тарату үшін целлофанға орап, дайындап қойыпты. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған оның сыбайластары анықталып жатыр.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар барлық күдіктіні анықтау және ұстау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ ескертеді: есірткі жеткізу арналарын құрудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

← Барлық жаңалықтар