Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Балаларын азаптаған әйелдің соты басталды

Шымкентте балаларын әбден қинаған әйелдің соты басталды. Процесте келіншек өз кінәсін толық мойындады. Тергеу кезінде оның перзенттерін соққыға жығып, тіпті шанышқыны газға қыздырып, денелеріне басқаны анықталды. Онысы аздай, үтікпен ұлының бетін, ішін және жамбасын күйдірген. Қақаған қыста өзенге батырған. Естіген адамның денесі тітіркенетін оқиға жайлы осы жылдың басында белгілі болған еді. Қорлық көрген ұлдардың жасы – 8 бен 10-да. Долы әйел 5-сыныпта оқитын қызының шашын қидалап кесіп тастаған екен. Немерелерінің жағдайын әжесі біліп қалып, бірден құзырлы органдарға шағымданған. Дегенмен сотта ол бұрынғы келініне кешірім беретінін айтыпты, алайда заң мұндай сұмдыққа барған адамды жауапкершіліктен босатпайды. Ал туған анасынан қорлық көрген балалар мемлекет қамқорлығына алынған.

← Барлық жаңалықтар