Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Яссауи мұрасы – рухани тазалықтың, адамгершіліктің мектебі

Яссауи ілімі – рухани және дәстүрлі сабақтастықты қалыптастыру үшін қажет. Әрі түркі әлемінен шыққан шоқтығы биік тұлғаның еңбектері ортақ құндылық ретінде үлкен мәнге ие. Елімізде дінтанушы ғалымдар ұлы ойшылдың мұрасына «рухани тазалықтың, адамгершіліктің мектебі» деп баға берді.

Оны жаңғырту, заман талабына сай бейімдеу жастардың санасын ұлттық бірегейлікті нығайтуға және кемелдікке бастайды, дейді. Сондықтан мамандар оның қолжазбаларын, шығармаларын зерттеу кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін айтады. Өйткені Қожа Ахмет Яссауидің идеялары әлі күнге өзектілігін жоймай, адамзатты рухани дағдарыстан құтқаратын жол болып қала береді.

КЕҢШІЛІК ТЫШҚАНҰЛЫ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ, ДІНТАНУШЫ:

Сопылық ілімнің бір ерекшелігі – рухани жетілу. Ал рухани жетілген адам басқа адамдардың көзқарастарымен күреспейді. Өйткені барлық адамның көзқарасына құрметпен қарайды. Сондықтан Яссауи мұрасында қандай құнды дүниелер бар, Қарахан дәуіріндегі мұралардың ішінде Яссауи мұраларының орны қандай – сол мәселелер тұрғысынан қараған кезде ертеңгі болашақтағы жастардың рухани бағытын қалыптастыру оңайырақ шығар деген мәселе.

Айта кетейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Түркістан облысына барған сапарында Қожа Ахмет Яссауи ордені мемлекеттік марапаттар тізіміне қосылатыны туралы айтқан еді.

← Барлық жаңалықтар