Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Жылына бір келетін түн

Жылына бір-ақ рет келетін «Музей түні» жақындап қалды. Халықаралық деңгейде тойланатын іс-шараға орай еліміздің басты мәдени ошақтары келушілерге есігін айқара ашады. Биыл Ұлттық музей ұжымы қонақтарды ерекше бағдарламамен қарсы алуды жоспарлап отыр. Келушілер үшін тарихты тірілтетін театрландырылған қойылымдар қойылып, роботтар мен елімізге танымал тұлғалар гид ретінде қызмет көрсетеді. 18 мамыр күні кешкі 10-нан түнгі сағат 12:00-ге дейін Ұлттық музейдің есігі ашық, тарихи жәдігерлерді тегін тамашалауға мүмкіндік беріледі.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар