Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Трамп Қытайға барды

Әлемдік экономика державаларының көптен күткен кездесуі. АҚШ басшысы Дональд Трамп Қытай жеріне табан тіреді. Бұл Ақ үй қожайынының соңғы 9 жылдағы Аспан асты еліне жасаған алғашқы ресми сапары. Соңғы рет Дональд Трамп Бейжіңге 2017 жылы президент сайлауындағы жеңісінен соң барыпты.

Бұл жолы Америка лидері Пекинге жалғыз келмеді. Нөкерлерінің жанында жаһанның ең ауқатты адамы Илон Маск пен Тим Кук бар. Трамп әріптесі Си Цзиньпинмен екі күн бойы ауқымды келіссөздер жүргізеді. Ал бұл кездесу негізі наурыз айында өтуі тиіс болған. Бірақ АҚШ пен Израиль әскері Иранды атқылауына байланысты кейінге қалдырылған екен.

Жиында қос басшы бірден әлемдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Дональд Трамп өз сөзінде бұған дейін араздастық болғанын, бар қиындық артта қалғанын айтыпты. Десе де, халықаралық сарапшылар кездесуден маңызды шешімдер күтіп отырған жоқ.

← Барлық жаңалықтар