Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Қазақстандық жасөспірімдер Азияны бағындырды

Ташкентте бокстан Азия чемпионатында қазақ спортшылары алтын алды. Шаршы алаңда 43 келі салмақтағы Бейбарыс Қойшыбай чемпион атанды. Финалда үндістандық Самир Бохрамен бәсекеге түскен отандасымыз 4:1 есебімен қарсыласын қапы қалдырды. Бұл додада аруларымыз да аянып қалмады. 67 келідегі Нұргүл Сахи өзбек қызы Шахона Мулложонованы жеңіп, қоржынға тағы бір алтынды салса, 52 келідегі Самал Төлепберген қырғызстандық қарсыласын алғашқы айналымда-ақ жойқын соққысымен есеңгіретіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, жасөспірімдер қазақ боксының мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

← Барлық жаңалықтар