Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Жаңбырды жасанды жолмен жаудырады

Елімізде қолдан жаңбыр жаудыруы мүмкін. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға бара сала Дүниежүзілік метеорология ұйымы президентімен кездесу өткізді. Отырыста Мемлекет басшысы мен ұйым жетекшісі Абдулла Әл-Мандус Қазақстан үшін климат мәселелерін, тың технологиялар жайын талқылады.

Жиында өңірлік және әлемдік деңгейдегі су қауіпсіздігі жайлы да сөз қозғалды. Сондай-ақ Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мен су қоймаларының қамы үшін жауын-шашынды жасанды шақыру жүйесі жүзеге асырылатыны айтылды. Аталған жоба 17 мамырда іске қосылмақ.

← Барлық жаңалықтар