Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстанның халық жазушысының шаңырағына барып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда Президент Олжас Сүлейменов Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де көрнекті ақын, терең ойлы қаламгер әрі беделді қоғам қайраткері ретінде сый-құрметке ие болғанын атап көрсеткен. «Сіздің гуманистік идеяларыңыз ұлттық мәдениет пен қоғамдық-саяси ойдың асыл мұрасына айналып, әлемге кеңінен танылды. Бірегей шығармашылығыңыз арқылы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қостыңыз» делінген құттықтауда. Айта кетейін, Олжас Сүлейменов Юрий Гагарин ғарышқа ұшқанда «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы арқылы жер жаһанға танылды.