Мазмұнға өту
· 26 қаралым

Дастанның «Челсиге» кететін күні жақын

Ағылшын премьер-лигасында доп тебетін тұңғыш қазақ. Еліміздің талантты футболшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» сапына ресми ауысатын уақыты белгілі болды. Жерлесіміз 17 маусымда «Қайрат» жейдесінде соңғы матчын өткізеді. Дәл сол күні ел чемпиондары «Қызылжарға» қарсы алаңға шығады. Ал Дастан лондондықтардың сапына 1 шілдеде қосылады. Себебі «зейнеткерлердің» жаңа бапкері Хаби Алонсо жас талантты ұжым қатарына тезірек қосқысы келіп отыр екен. Негізі, Дастан 12 тамызда 18 жасқа толған соң Тұманды Альбионға аттануы тиіс еді. Осылайша, жерлесімізге жаңа ұжымға тезірек үйренуіне жағдай жасалып отыр. Ал Хаби Алонсо «Реалмен» Алматыға келген уақытта оғланымыздың ойын стиліне тәнті болған көрінеді.

← Барлық жаңалықтар