Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Мәдениет саласының мамандары бас қосты

Мәдениет және инновация. Мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында елордада осындай республикалық форум басталды. Үш күнге жалғасатын жиында талқыланатын тақырып көп. Шешендік өнерден бастап, аталған салада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері ортаға салынбақ. Пікірталас алаңында кітапхана, архив, музей, театр және концерттік ұйымдар сынды бағыттар бойынша мамандар түрлі ой айтып, өздері еңбек етіп жүрген сектордағы өзекті дүниелерді пысықтайды.

ЕРЛАН ДАКЕНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Форумның мақсаты — жаңа білім, тәжірибе, заманауи тәсілдерді меңгеріп, соның аясындағы маңызды алаң қалыптастыру деп ойлаймын. Жаңа, заманауи дүниелерді қамтиды деп ойлаймын.

Іс-шара тек елордалық мәдениет саласының мамандарын қамтып отырған жоқ. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар өздері қызмет етіп отырған бағытты жетілдіру жайлы сөз қозғайды. Сондай-ақ форумға Ресей, Үндістан, Германия, Қытайдан келген өкілдер де қатысып жатыр.

МӘЛІК ҚОНЫСБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

Мәдениет саласы мен инновация саласын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Әр дәуірдің мәдениет саласында жұмыс істеу формулалары болады. Сондықтан жаһандық үдерістегі инновацияны қолдау, игере білу, бәсекеге қабілетті болу қазіргі мәдениет қызметкерлерінің, өнер иелерінің басты қажетті құралдарының бірі болып отыр.

ДИПА КИРАН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТОРИТЕЛЛИНГ ШЕБЕРІ, ПЕДАГОГ:

Мен Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Былтыр Ресейде өткен іс-шарада қазақстандықтар осында келуді ұсынды. Қазақстанда да, Үндістанда да фольклор, ән өнері жақсы дамыған. Менің басты тақырыбым — мәнерлеп айту арқылы балаларға кітап әлемін таныстыру. Екі елдің арасындағы жануарларға қатысты діни-наным ертегілері өте қатты ұқсайды. Сондықтан осындай білім берудің жаңа мүмкіндіктері жайлы пікір айтамын.

← Барлық жаңалықтар