Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Қыз Жібектің қамзолы қайда сақталады?

Атышулы қамзол. «Қыз Жібек» фильміндегі басты кейіпкердің әйгілі киімі қайда сақталатыны белгілі болды. Парламент дәлізінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі мәселенің жай-жапсарын түсіндіріп берді. Евгений Кочетовтың сөзінше, министрлік Меруерт Өтекешовамен ортақ мәмілеге келіпті. Өнер иесі аңызға айналған қамзолын «Қазақфильмнің» музейіне табыстауға дайын екен. Айта кетейін, продюсер Баян Алагөзова тарихи жәдігерді сыйға алғанын айтып, әлеуметтік желіде сүйінші сұраған еді. Бұл хабар қоғамда резонанс тудырып, біраз айтыс-тартысқа арқау болды.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұған дейін де айтқанмын, мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін қазір «Қазақфильм» музейіндегі барлық дүниені цифрландырып жатырмыз. Қазақстан киносында пайдаланылған барлық костюмдер мен реквизиттер арнайы базаға енгізіледі. Кейін олардың бәрі көпшілікке ұсынылып, қайда екені бақылауда болады.

← Барлық жаңалықтар