Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Ел спортшылары 22 медаль жеңіп алды

Отандастарымыз Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды. Сары құрлықтың боз кілемінде қазақ балуандарының бағы жанды. Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен додада спортшыларымыз ел қоржынына 22 медаль салды. Тартысты бәсекеде қазақстандықтар 7 алтын, 10 күміс және 5 қола жүлдені иеленді. Осылайша, жалпыкомандалық есепте 195 ұпай жинаған ел құрамасы 2-орын алды. Айта кетейік, бұл жарыста 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ерекше көзге түсті. Боз кілемде жерлесіміз қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды.

← Барлық жаңалықтар