Еңбегі еленді. Димаш Құдайбергеннің әкесі, композитор Қанат Айтбаевқа Президент атынан мемлекеттік награда табысталды. Музыкант Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Парасат» орденімен марапатталыпты. Ол бұған дейін Ақордада өткен салтанатты шараға жеке жағдайына байланысты қатыса алмаған. Награданы Мәдениет және ақпарат министрі табыстады. Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық өнерді дамытудағы елеулі еңбегін атап өтіп, оған елдің рухани әлеуетін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін алғысын білдірді.
Нұрай Құрақпай