Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Көкпар ойыны қалай болса солай өтетін болған

Елімізде көкпар ойындары қалай болса солай өтетін болып кетті. Қауіпсіздік талаптары мүлдем сақталмайды, сәйгүлік дұрыс бапталмайды, ешбір жан жауапкершілік алып, ақталмайды. Өтті-кетті, болды. Осылай ашынған Мәжіліс депутаты Болат Керімбек мінберде ұлттық ойынды реттеуді сұрады. Халық қалаулысының сөзінше, жауапты федерацияның жұмысы әлсіз. Дүбірлі додаларда қатысушылардың жас ерекшелігі де, саны да ескерілмейтін болған. Тіпті, атқа күш қолдану, допинг пайдалану, әдейі соқтығысу дерегі жиі кездесетін көрінеді. Депутат осындай олқылықтардың кесірінен өткен айдың аяғында 14 жастағы баланың мерт болғанын да еске салды. Сондықтан мәселені шұғыл реттеп, қатаң бақылау мен нақты стандарттарды енгізуді талап етті.

БОЛАТ КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жаппай көкпарға арналған қауіпсіздік стандартын заңнамалық деңгейде бекітіп, қатысушы санына, медициналық және ветеринарлық бақылауға міндетті талап енгізуді сұраймыз. Сондай-ақ, құзыретті органдардың жауапкершілігін нақтылап, рұқсатсыз көкпар өткізген ұйымдастырушының жауапкершілігін күшейтуді қарастыру керек деп санаймыз.

Қуат Құдайбергенов

← Барлық жаңалықтар