Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Талай таланттың жолын ашқан бағдарлама

Балалардың телефонға телміргені барлық ата-ананың уайымы. Тіпті мектепте де проблемаға айналып, білім саласына жауаптылар түрлі тәжірибені іске асырып жатыр. Әсіресе ұл-қыздардың бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды спортқа, өнерге баулуда «ArtSport» мемлекеттік бағдарламасының септігі тиді.

ЗӘМЗӘГҮЛ ӘУБӘКІР, АТА-АНА:

Ата-ана ретінде менің балама емес, бүкіл қазақтың ата-аналарына өте үлкен көмек болды. Себебі қазір әлем желісінің балалары ғой. Қарасаңыз, көп ата-ана жұмыс бабымен қалада жүреді. Таңертең кетеді, кешке келеді.

Президенттің бастамасымен бұл жоба 2021 жылдың мамыр айында қолға алынған еді. Қазіргі таңда бір ғана Алматы облысында 16 мыңнан астам оқушы түрлі шығармашылық үйірмеге тегін қатысып жүр. Соның арқасында талай таланттың жолы ашылыпты. Өнерпаздар республикалық, тіпті халықаралық байқаулардың бас жүлделерін жеңіп алған. Есік қаласында ұйымдастырылған фестивальге өңірдің барлық ауданынан жиналған 2 мың бала өнерімен көрерменді тәнті етті. Ұйымдастырушылар жемісті еңбек еткен ұйымдар мен өрендерді марапаттады.

ЖАНАТ ТҰРҒЫМБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ARTSPORT» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

5 жылдың ішінде біздің балаларымыз Алматы облысы бойынша халықаралық деңгейде өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Оншақты біздің мекемелеріміз, тапсырушылар жыл сайын халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысып жатыр. Бүгін бізде мерейтой. Осы балаларымыздың арқасында, ата-аналарымыздың арқасында осындай жетістікке жетіп жатырмыз.

← Барлық жаңалықтар