Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Берік Уәли Ақордаға келді

Инвестиция көлемі 20 пайызға дейін артып, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен көлік салаларында оң динамика сақталған. Абай облысының әкімі Президентке өңірдің экономикалық дамуы туралы есеп берді. Өңір тізгініне 1,5 жыл бұрын келген Берік Уәлидің сөзінше, аймаққа тартылған қаржы көлемі екі есе өсіп, бірнеше ірі жоба қолға алыныпты. Соның ішінде «Аягөз-Бақты» теміржол желісінің құрылысы, жылу электр орталығы мен тау-кен байыту комбинатын салу бойынша жұмыстар сәтті жүзеге асып жатыр. Ал алдағы уақытта қосымша 2500 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту жоспарланған. Облысқа тағы үш ірі жоба бойынша ұсыныс түсіпті.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы да айттым. Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген. Былтыр салыстырып айтсақ, 1 млрд қарастырылған. Соның ішінде электр желілерін тарту және Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп, облыс басшысына инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді.

← Барлық жаңалықтар