Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Боччадан әлем кубогі өз мәресіне жетті

Астанада боччадан халықаралық әлем кубогі мәресіне жетті. Дүбірлі додада бірнеше елдің спортшылары алтын тұғырдан көрінді. Әсіресе индонезиялықтар мен Франция құрамасы, Ұлыбританияның намысын қорғағандар көш басынан көрінді. Жеңімпаздарды Қазақстан бочча федерациясының президенті, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев марапаттады. Оның айтуынша, әлем кубогінің басты құндылығы әр елдегі қамкөңіл жандарды біріктіріп, олардың өмірге құштарлығын арттырады. Айта кетейік, бұл халықаралық турнир АҚШ-та өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама беретін ең маңызды іріктеу кезеңі. Қазіргі таңда еліміздің ұлттық құрамасында 50 паралимпиадашы бар.

← Барлық жаңалықтар