Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Астанада халықаралық турнир басталды

Елордада «Phygital Contenders Astana 2026» халықаралық турнирі басталды. 10-14 маусым күндері әлемнің мықты клубтары фиджитал-футбол, баскетбол және би өнері бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылар спортшылар үшін барлық жағдайды жасап қойдық дейді. Жеңімпаздар 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Болашақ ойындары» додасына жолдама алады. Оған 50 елден 800-ге жуық спортшы келіп, 8 түрлі фиджитал спорттан сынға түседі екен.

ЕРЖАН ШАКЕЕВ, «ҚАЗСПОРТИНВЕСТ» АҚ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін, 10 маусым, іріктеу турнирі басталды. Бұл турнир алдағы жазғы маусымның шешуші дайындық кезеңі. Ұйымдастырушылар атап өткендей, негізгі әлем көз тігіп қарайтын ауқымды дода 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанамыздың ірі спорттық нысандарында өтеді. Жоспар бойынша 8-ден астам фиджитал спорт түрінің сайыстары ұйымдастырылады. Фиджитал форматы салыстырмалы түрде жаңа бағыт болғанымен, қазірдің өзінде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі.

← Барлық жаңалықтар