Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Қазақстандық маман БҰҰ-ның комитет мүшесі болып сайланды

Қазақстандық маман алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің құрамына сайланды. Ләззат Қалтаева 2027-2030 жылдарға арналған сайлауда 157 елдің қолдауына ие болып, барлық үміткердің ішінде ең жоғары нәтиже көрсетті. Айта кетейін, отандасымыз 20 жылдан астам уақыттан бері инклюзивті қоғам қалыптастыру бағытында еңбек етіп келеді.

← Барлық жаңалықтар