Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Қош бол, Пхукет!

Таиланд билігі тиынына дейін есептеп келетін туристерден құтылуды көздеп отыр. Корольдік жаңа экономикалық бағытқа көшеді. Олар ортаңқол, қоңыртөбел тұрмысы бар демалушылардың тиімсіз екенін түсінген сыңайлы. Бұған дейін мемлекет шекараны кесіп өткен әр шетелдік азаматты есептейтін еді. Көрсеткіш белгілі бір межеден асса, демалыс маусымы сәтті өтті деп бөркін аспанға ататын. Ал қазір Таиланд қалталы туристерге жағдай жасағысы келеді. Себебі үнемшіл азаматтар инфрақұрылымды әбден тоздырған. Ал мемлекет туристердің орнына бюджеттен қаржы аударып келді. Бұдан былай арзан дүниелер көзден бұлбұл ұшады. Билік туристермен күн көріп отырған кәсіпкерлерге қызмет ақысын бірнеше есе көтеруге рұқсат беруі мүмкін. Сондай-ақ ауқымды сауық кештері мен мемлекеттік мейрамдарда баға автоматты түрде өседі екен. Демек, Таиланд санға емес, сапаға жұмыс істей бастады.

← Барлық жаңалықтар