Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Шанхай ынтымақтастық ұйымына 25 жыл

Шанхай ынтымақтастық ұйымына 25 жыл! Бүгін елордада айтулы күнге орай сарапшылардың басын қосқан жиын өтті. Мұнда екіжақты жұмыстың негізгі нәтижелері, қазіргі сын-қатерлер мен күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Бас-аяғы кездесуге 70-ке жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдар мен талдау ұйымдарының өкілдері, шетелдік сарапшылар бар.

АМАНГЕЛДІ ТӘЖЕНОВ, ҚР СІМ ЖАНЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Президенттік орталығында өтіп жатқан мына іс-шара өте маңызды. Осы 15 маусым күні ұйым өзінің 25 жылдығын атап өткендей болады міне. Соған байланысты тек қана өзіміздің Қазақстанда емес, Пекинде де, басқа астаналарда да, осы ынтымақтастық ұйымы елдерінің астаналарында осындай іс-шара өтіп жатыр.

Пікірталас барысында ынтымақтастық ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы мен экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы рөлі сөз болды. Өз кезегінде сарапшылар жұмысты нығайтуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

ЖАНАР МЕДЕУБАЕВА, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Бұл ұйым үлкен революциялық даму жолынан өтіп отыр. Ұйымның аумағында экономикалық қатынастар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, мәдени-гуманитарлық, білім саласында өте кең байланыстар болып жатыр. Біздің студенттер бағдарламалар шеңберінде Қытайдың және де Мәскеудегі РУДН университетіне барып білім алады.

← Барлық жаңалықтар