Мазмұнға өту
· 11 қаралым

АҚШ-та отандасымыз жоғалып кетті

Екі аптадан бері байланысқа шықпаған. АҚШ-та 24 жастағы отандасымыз ізім-ғайым жоғалып кетті. Әсет Құралбай жақындарымен 2 маусым күні соңғы рет хабарласып, сөйлескен. Ал 7 маусымнан бері телефоны өшірулі. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растап, қазір қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын жеткізді. Нью-Йорктегі бас консул да туыстарымен тұрақты байланыста дейді. Ал жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жас жігіт үйінде барлық құжаттары мен әмиянын қалдырып кетіпті. Бірнеше күн іздеуден соң, жергілікті полиция оның автокөлігін тауып алған. Өзі туралы әзірге мәлімет жоқ.

← Барлық жаңалықтар