Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Цифрлы кітапхана әлем назарында

Кітап ел мен жер талғамайды. Қазақстанның цифрлы кітапханасы әлем назарын аударып отыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері аталған платформада қаралым саны 3,6 миллионнан асқан. Әрі электронды жүйені 122 елдің оқырманы пайдаланып жүр. Олар – Қазақстан, Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Германия, Франция және Қырғызстан елдерінің азаматтары. Электронды кітаптар әлемнің 70 тіліне аударылған. Жалпы цифрлы кітапханаға 300 мыңға жуық адам тіркеліпті. Айта кетейік, Мемлекет басшысы 16 мамырда «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған еді.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар