Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Шекарадан өткізетін делдалдар ұсталды

Ақшасын берсең, елге қалаған тауарыңды тексеріссіз-ақ кіргізе аласың. Түркістан облысында азаматтарды осы уақытқа дейін шекарадан өткізіп келген делдалдар ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операциямен 17 күдіктіні қолға түсірді. Құзырлы орган бұл жұмыстарды Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған. Тергеу дерегіне сүйенсек, топ мүшелері кедендік рәсімдерді жеделдету үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне көмектесіп келген. Жұмысын бір жүйеге қойып алған делдалдардан тінту барысында тіпті атыс қаруы мен қомақты қаражат та табылыпты.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында бес бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

← Барлық жаңалықтар