Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Қазақстан ауған кинологтарын оқытуға дайын

Қазақстан ауған кинологтарын оқытуға дайын. Бұл туралы Кабулға ресми сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары айтты. Серік Жұманғарин екіжақты кездесуде келер жылы Ауғанстанға 5 қызметтік итті беру жоспарланып отырғанын жеткізді. Тәжірибе алмасу мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары Алматыдағы кинологиялық базада өтпек. Өз кезегінде Ауғанстанның Ішкі істер министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Осы тұста ол аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзара сенім мен құрметтің, сындарлы іс-қимылдың маңызды екеніне тоқталды.

← Барлық жаңалықтар