Мазмұнға өту
· 11 қаралым

«Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды

Сайлау науқаны жақындағанда «Ауыл» партиясының төрағасы ауысты. Саяси ұйымның кезектен тыс съезінде бұл қызметке Қайрат Айтуғанов бірауыздан сайланды. Бұған дейін партияға төрағалық еткен Серік Егізбаев өкілеттігінің тоқтатылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қайрат Айтуғановтың аграрлық салада, мемлекеттік басқару жүйесінде және қоғамдық-саяси қызметте мол тәжірибесі бар. Айта кетейік, Айтуғанов Ауыл шаруашылығы министрлігінде, ұлттық компанияларда және ғылыми-білім беру ұйымдарында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ съезд барысында партияның алдағы міндеттері талқыланып, ұйым жарғысына жаңа Конституцияға сәйкес өзгерістер енгізілді.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар