Мазмұнға өту
· 34 қаралым

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына түскен жастардың есімі белгілі болды. Елімізде «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша конкурс өз мәресіне жетті. Осылайша, білімін сынап, сайысқа қатысқан 184 қазақстандықтың бағы жаныпты. Грант ұтқандардың 137-сі магистратура, 10-ы докторантура бойынша оқыса, тағы 37 адам кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ тағы 51 отандасымыз әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының тыныс-тіршілігімен танысып, білікті мамандармен тәжірибе алмаса алады.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар