Қазақтың мерген қызы әлемді мойындатты. Германияның Зуль қаласында оқ ату спортынан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Асылым Жақия алтын медаль алды. Ел намысын қорғаған спортшы шағын калибрлі тапаншамен 25 шақырым қашықтықта оқ ату сайысында 554 ұпай жинап, қарсыластарынан басып озды. Бұл ұлттық құраманың дүбірлі сайыстағы үшінші медалі.