Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Петропавлда 130 миллионға мурал салынды

Енді Петропавлға қыста барсаң суығына төзе алмай, жазда барсаң ғимаратынан көз алмай жүресің. Өйткені жергілікті шенділер екі муралды салдыруға 130 миллион теңге бөліпті. Көпқабатты үйлердің біріне бейнеленген – жазушы Герольд Бельгер. Бұл сурет қазақ даласының үнін үш тілде сөйлеткен тұлғаның 90 жылдығына арналыпты. Ол шығармаларында халықтың тұрмысын бейнелеп, әдебиет пен мәдениет арасындағы алтын көпірге айналды. Ұлтаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосты. Ал қаланы көркейтуді қасбетті бояудан бастаған әкімдік өкілдері мурал салуды мұнымен тоқтатпаймыз дейді.

ТИМУР ЖҰМАНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл композицияны шілде айында аяқтайды. Одан кейін өлкеміздің әлемдік маңызы бар бірегей тарихи-мәдени мұрасы саналатын Ботай мәдениетіне арналған тағы бір мурал салу жоспарлануда. Бұл жұмыстар осы өңірдің тарихы мен мәдени мұрасын сақтауға, қаланың сәулеттік және эстетикалық келбетін жақсартуға бағытталған.

← Барлық жаңалықтар